Нұрлан Ноғаев: Жаңартылатын энергетика саласы тұрақты өсуде
Нұрлан Ноғаев: Жаңартылатын энергетика саласы тұрақты өсуде
07.12.2020 18:50
395
0

  Бүгін, 3 желтоқсанда, Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарға сәйкес Энергетика министрлігінің азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн-форматта жартыжылдық кездесуі өтті.

  Осы кездесу аясында 2009 жылы қабылданған, тұрақты болып табылатын және жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) секторына 1,49 млрд. АҚШ доллары сомасына инвестициялар тартуға мүмкіндік берген заңнама мәселелері, сондай-ақ тіркелген тариф жүйесінен аукциондық тетікке көшу мәселесі талқыланды, ол өз кезегінде аукционға қатысушылардың өтінімдері бойынша жел электр станцияларына (ЖЭС) тарифтерді орта есеппен 10,6%- ға, шағын гидроэлектр станцияларына (ГЭС) 14,5%-ға, күн электр станцияларына (КЭС) 38%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

  Сонымен қатар, кездесу барысында 2020 жыл «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамаға енгізілген индикаторларды орындаудың алғашқы жылы болғаны атап өтілді, 9 айдың қорытындысы бойынша ЖЭК-тың бірінші индикаторы орындалды – бұл энергия теңгеріміндегі жалпы үлестің 3%-ын құрады.

  Сондай-ақ, ЖЭК саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру Үкіметтің жоспарларына сәйкес жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

  Қазіргі уақытта Заң жобасын Парламент Сенаты мақұлдап, Президент Әкімшілігіне жіберді. Заң қабылданғаннан кейін Министрлік ЖЭК секторын дамытуды ынталандыру тетігін іске асыру бойынша тиісті қағидалар қабылдайтын болады.

  Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, 2013 жылы ЖЭК саласын дамытудың нақты мақсаттары қалыптастырылып, соның нәтижесінде ЖЭК нарығының көлемі айқындалды. «Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасында және «Қазақстан – 2050 Стратегиясында» баламалы энергия көздерін ескере отырып, еліміздің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия түрлерінің үлесін 2020 жылы 3% - ға дейін, 2030 жылы 10% - ға дейін және 2050 жылы 50% - ға дейін жеткізу көзделген.

  - Қазақстан Үкіметі жаңартылатын энергетиканың инновациялық әлеуетін белсенді түрде қолдап отыр, ЖЭК дамыту мәселесі ел басшылығының тұрақты бақылауында. Жасалған жағдайлардың арқасында жаңартылатын энергетика саласы тұрақты өсуде. Соңғы 6 жылда ЖЭК объектілерінің белгіленген қуаты 10 есеге жуық, яғни 2014 жылғы 177 МВт-тан 2020 жылы 1528 МВт-қа дейін өсті, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

  Кездесу барысында Министрлік қызметкерлері ҮЕҰ өкілдерімен жаңартылатын энергетиканы дамыту мәселелерін талқылап, қоғам белсенділерін қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

 Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды
2. Мемлекет 2021 жылдан бастап ерікті түрде жаппай вакцина егуді жоспарлап отыр
3. Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің талаптары туралы сұрады
4. А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
5. Қазақ, Қырғыз мемлекет басшылары телефонмен сөйлесті

 

0 пікір