«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР
«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ҚАРИЯСЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР
02.05.2024 12:21
36
0

           "Тазалық – денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Осы орайда қаламызда жүргізіліп жатқан тазалық айлығын сөзсіз қолдаймыз.Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өтіп жатқан "Таза Қазақстан" акциясы жаппай еліміз бойынша іске асырылуда. Төртінші апта "Өнегелі ұрпақ" апталығы деген атаумен жалғасып жатыр. Шымкентте Президенттің тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы негізінде ұйымдастырылып жатқан «Өнегелі ұрпақ» науқаны кең көлемде өткізілуде.

            «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығында қазыналы қарияларымызға құрмет көрсетілді. Апталық барысында әр аудан тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеді.  Мегаполистің барлық аудандарында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері және жұмысқа жарамсыз қариялардың үйінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Қарттар үйінің ауласында белсенділер тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптерін әктеп, өсіп кеткен шөптерді қырқып, қоқыстарды шығарды.

             Соның бірі Қайтпас шағынауданы, Ақберен көшесі №65 тұрғын үйіндегі жалғызілікті қарт Майра Шанкозованың және Дүйсенхан Мырышовтың үйінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға “Қаратау” коммуналдық мекеме қызметкерлері, аудан жастары қатысты. Ағаш шабу, шөп ору, тал ақтау т.б жұмыстар жүргізілді.

- Таза Қазақстан экоакциясы аясында Қаратау ауданы әкіміне, белсенді жастарға осы акцияға бастамашы болған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлыны алғысымды білдіремін. «Ұлтыңның болашағын ойласаң, қарияңа құрмет көрсет» деген ата-бабамыз айтпақшы біз секілді қарияларға құрмет көрсетіп жатқан сіздердің еңбектеріңе табыс, дендеріңе саулық тілеймін,-деп ризашылығын білдірді Майра Шанкозова.

          Алдағы уақыттта қамқорлықты қажет ететін қала тұрғындарына, ардагер қарияларға көмек жоспарлы түрде көрсетілмек. Қариясын сыйлаған елде қасиет бар. Қазақ халқының атадан балаға аманат болып саналатын қасиеттерінің бірі үлкенге – құрмет, кішіге – ізет таныту.

0 пікір