ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ – ҚОҒАМНЫҢ МЫЗҒЫМАС БӨЛШЕГІ
ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ – ҚОҒАМНЫҢ МЫЗҒЫМАС БӨЛШЕГІ
22.05.2024 11:22
47
0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жалғасып жатыр. Ел бірлігін сақтап қана қоймай, тазалыққа насихаттайтын акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы бастау алды. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында Төлеби ауданының әкімдік аппараты мамандары мен қоғамдық жұмыс қызметкерлері және ауыл жастары қатысуымен қарттарға, ардагерлерге көмек беру жұмысы жалғасын табуда.

         Диханкөл тұрғыны жалғызілікті қарт Қаратаева Ирисбүбі үйіне барып сенбілік жұмыстары жүргізді. Сенбілікте бау-бақшасын аудару, үйін әктеу, ауласының шөбін орды. Қарт ана өз кезегінде шаруасын тындырып, ауласын ретке келтіріп, тұрғын үйін әрлеп берген жастарға, еріктілерге, әкімдік қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, батасын берді.

         Бүгінде Төлеби ауданында акция аясында көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді жүзеге асуда. Аудан аумағында науқанның әр аптасының әрбір күні іс-шаралар бекітіліп, үш апта көлемінде түрлі жеміс ағаштары, сәндік ағаштарының көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер, ирригаициялық жүйелер тазаланды.Болашақ ұрпақтың қамы үшін тер төккен қарияның жүрегіне жылулық сыйлап, ауыр еңбекпен көз ашқан атамыздың балалық шағының қалай өткенін студенттер өз аузынан естіді. Төлебилік еріктілер қариялар мен ардагерлердің үй аулаларын тазартты.

Ерікті жастары бұдан бөлек, қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізіп, қарияларға құрмет жұмыстарын жалғастырды. Бұл жолы ерікті жастар Көксәйек елді мекенінің тұрғыны балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарына тап келген «Тыл еңбеккері» Нұрсейіт Жолшыбеков ақсақалдың ауласында көктемгі дала жұмыстарына көмектесіп қайтты. Болашақ ұрпақтың қамы үшін тер төккен қарияның жүрегіне жылулық сыйлап, ауыр еңбекпен көз ашқан атамыздың балалық шағының қалай өткенін студенттер өз аузынан естіді.

0 пікір