Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
Оқушылар арасында коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр – министр
01.02.2022 12:02
69
0

 Қазақстанда қаңтар айының ортасынан бастап вирус жұқтырған оқушылар саны көбейді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі балалардың, соның ішінде мектеп оқушыларының коронавируспен ауыру деңгейіне күнделікті мониторинг жасайды.

Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтыру деңгейінің өсуі оқушылар арасындағы эпидемиологиялық жағдайға әсер етті.

"Қаңтар айының ортасынан бастап біз сырқаттанушылықтың айтарлықтай өскенін көріп отырмыз. Соңғы аптада оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен ауыру 1,3 есе өсті", - деді Ғиният үкімет отырысында.

Індетке шалдыққан оқушылардың дені Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалып отыр.

Осыған байланысты министр өңір әкімдерінен офлайн оқыту мен жастардың "омикрон" штамын тез жұқтыруын ескеріп, мектептерде санитарлық, дезинфекциялық талаптарды, маска режимін және өзге де профилактикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етуді сұрады.

Сондай-ақ Ғиният ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына вакцина егуге шақырды.

 


Дереккөз:sputnik.kz

0 пікір