Түркістан қаласында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев төрағалық етті.
Комиссия отырысында қалалық «Жастар ресурстық орталығы» МҚҚ басшысы А. Пиржанова мен «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ басшысы Г.Даханова 2024 жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар, Түркістан қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы А. Қаражігітова 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Комиссия мүшелері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасыларды қолдау мәселелерінің маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс атқарылатынын жеткізді.
Отырыста сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесі және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.