ОТБАСЫЛЫҚ СОТ: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
ОТБАСЫЛЫҚ СОТ: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ
31.10.2022 21:47
41
0
Шымкентте “Отбасылық сот: Даму перспективалары мен проблемалары” атты дөңгелек үстел өтті. Оған Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық сот төрағасы, қалалық алқа төрағасы, қалалық сотының судьясы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың төрағасы, аудандық соттарының судьялары, «Право» қоғамдық қорының мүшелері, Әділет департаменті, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Бақытты жанұя»орталығы» КММ, жаттықтырушы-медиаторлар, кәсіби медиатор-тәжірибеші, адвокаттар және бала құқықтары жөніндегі уәкілдері қатысты.
Отбасы және екі азамат арасындағы түсініспеушіліктен туындаған дау-дамай бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы тұста азаматтарды ортақ келісімге шақырып өзекті мәселелерін шешуіне көмек көрсететін медиаторлармен адвокат мамандарының рөлі орасан зор.
Дөңгелек стөл барысында қоғам арасындағы, отбасы арасындағы дау-дамай, келіспеушіліктердің алдын алу, бітімгершілік келісімге келу, екі араны татуластырып ортақ шешімге келуіне көмек көрсету секілді түрлі проблемалардың шешілу жолдары жан-жақты талқыланды.
Айта кетейік, Шымкентте полиция қызметкерлері қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектерге құқықтық кеңес беруде. Қаратау АПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары қиын жағдайға тап болған әйелдер қауымының құқықтық сауаттылығын арттыруды қолға алған. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі таңда қыз-келіншектердің басты мәселелерінің бірі. Бірақ олар бұл туралы ашық айта бермейді. Отбасындағы өзара келіспеушіліктер көбінесе ауыр салдарға әкеп соғады және одан көп жағдайда қыз-келіншектер зардап шегеді. Жақында үлкен жастағы азаматша өзінің басқа қалада тұратын қызының жағдайы қалай болатынына алаңдаулы екенін білдіріп, құқықтық және моральдік-психологиялық ақыл-кеңес алды. Өмірдің сынағымен бетпе-бет келген әйелдермен сауалнама жүргізу барысында анықталғаны - жанұядағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алуына көбіне әлеуметтік жағдайдың төмендігі себеп болады», - дейді полиция капитаны Тоғжан Өмірзақова.


0 пікір