Полицейлер есірткінің заңсыз айналымы саласында 51 қылмыс анықтады
Полицейлер есірткінің заңсыз айналымы саласында 51 қылмыс анықтады
25.11.2020 13:47
432
0

  Ішкі істер министрлігі “Дәрмек” кезекті жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

  Бұл операцияның негізгі міндеті – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін, фармацевтикалық қызмет ережелерін және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға қойылатын талаптарды бұзуды анықтау болып табылады.

  Іс-шара барысында полиция қызметкерлері өз қызметінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдарды тексерді.

  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараты бойынша бес күн ішінде елімізде есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзудың 18 дерегі анықталды.

 Бақылаудағы заттар айналымы саласында 78 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 44-і дәріханаларда дәрі-дәрмектерді рецептісіз берумен байланысты. Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар медициналық препараттардың алты мыңға жуық таблеткасы мен ампуласы тәркіленді.

  Мысалы, Ақтөбе облысындағы бір медициналық мекемені тексеру барысында сақтау ережелерін бұза отырып сақталған 90 ампула морфин мен 2500 ампула фентанил тәркіленді. Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  Бұдан басқа операция кезеңінде есірткінің заңсыз айналымы саласында 51 қылмыс, оның ішінде 27 өткізу фактісі, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 23 фактісі және бір контрабанда фактісі анықталды.

  Мәселен, елордалық полицейлер бұрын сотты болған, 39 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, одан 20 кг-ға жуық оралған және сатуға дайын гашиш тәркіленді, “қара нарықта” оның бағасы 30 млн.теңгені құрайтын еді.

  Ірі көлемдегі есірткіні заңсыз айналымнан алудың тағы бір фактісі – Қостанай облысы полицейлерінің еншісінде. Жітіқара қаласының тұрғыны өз үйінің еденінің астында 500 гр шамасында героин сақтаған. Тінту барысында полицейлер есірткіден басқа, таразы мен қомақты ақша сомасын тәркіледі. Айта кетейік, героиннің аса ірі мөлшері 1 грамды құрайды және оны сақтағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  Барлық анықталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Көрші елге шикізат экспортын тежеу керек - Азат Перуашев
2. Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды
3. ҚР БҒМ Қазақ көлік және коммуникация академиясын бас лицензиясынан айырды
4. Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
5. БҒМ: Шымкенттегі тағы бір жоғары оқу орны бас лицензиясынан айырылды

0 пікір