Президент бастамалары жүзеге аса бастады - Ерлан Қарин
Президент бастамалары жүзеге аса бастады - Ерлан Қарин
12.12.2020 20:30
348
0

  Мемлекет басшысының әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасы жүзеге асырыла бастады. Мұндай пікірді ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин білдірді.

  «Өткен жылы, 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында Мемлекет басшысы әйелдер мен жастар үшін партиялық сайлау тізіміне 30 пайыздық квота енгізу туралы бастамасын жария еткен болатын. 2020 жылдың ақпанында тиісті заң жобасы әзірленіп, мамырда аталған құжатқа Мемлекет басшысы қол қойды. Енді міне, бір жыл өткеннен кейін аталған норманың қалай жұмыс істей бастағанын көріп отырмыз», деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.

  Мәселен, ҚР Президенті көмекшісінің дерегінше, Мәжіліске партиялық тізім арқылы ұсынылған «Nur Otan» кандидаттарының - 31,7, «Ақ жол» партиясының - 36,8, Қазақстан халық партиясының - 36,2, «Ауыл» партиясының - 31,5 және «Адал» партиясының - 31,1 пайызын әйелдер мен жастар құрап отыр. Бұл норма мәслихат сайлауында да қолданылады.

  «Айталық, қазіргі уақытта бүкіл республикадағы мәслихат депутаттары корпусының небәрі 2 пайызы ғана - жастар. Сондықтан да осы сайлауда біз жастар мен әйелдердің сайлау және саяси процестерге кеңінен қатысуын байқайтын боламыз»,деді ол.

 Дереккөз: EGEMEN QAZAQSTAN

 

Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

 

1. Түбегейлі өзгерістер қажет
2. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды
3. Мемлекет 2021 жылдан бастап ерікті түрде жаппай вакцина егуді жоспарлап отыр
4. Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің талаптары туралы сұрады
5. Түркістан қаласы жыл соңына дейін 100% газбен қамтылады

 

0 пікір