Президент бұл орайда табиғатты қорғау мен су ресурстарын сақтау қызметтерін екшеп жеке болсын деген бастаманы өте орынды көтеріп отыр
Президент бұл орайда табиғатты қорғау мен су ресурстарын сақтау қызметтерін екшеп жеке болсын деген бастаманы өте орынды көтеріп отыр
01.09.2023 14:22
32
0

- «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген ұлы Абайдың сөзін ұстаным етіп, бүгінгі жаһандану дәуіріне озық біліммен қаруланған, биік парасатымен ерекшеленетін, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік өзгерістерде өзін еркін сезінетін дара тұлға қалыптастыруға ықпал ететін білікті ұстазды бақытқа бастайтын жол тынбай, тер төге  еңбектенуінде деген ойдамын.Жасанды интелект дәуірі келе жатыр. Егер де біз соны дұрыс қолданып, шынайы білім беретін болсақ, білім жүйесін осыған бағыттасақ халықаралық аренада үлкен мемлекетке айналамыз. Білім саласындағы келесі пробле­маның бірі – жұмысшы мамандығын даяр­лау ісі. Мемлекет кейінгі төрт жыл бойына жыл сайын 21 мың адамды жұ­мысшы мамандығына даярлауға тап­сырыс беріп келеді. Былтыр оның саны тіпті артқан. Дегенмен жұмысшы мамандарын даярлап жатқан бірқатар колледждің материалдық-техникалық базасы өте нашар және олар жұмыс берушімен тәжірибе алмасуын жеткілікті дәрежеде жолға қоймаған.Бұл маман даярлау бір күннің немесе бүгін ғана дайындап шығаратын шаруа емес. Бұл үлкен мәселе.Осыған байланысты Президентіміз білімге байланысты, қазіргі дәрігерлерге байланысты бүгінгі Жолдауында қозғап отыр.Президент су ресурстары және ирригация министрлікті жеке ведомство құруды тапсырды. Қазіргі тарифтер олар мүлдем пайдалануға келмейді. Олар ескі әдіспен есептелген. Ол су ресурстарымен айналысатын кәсіпорындарға инвестицияя салуға мүмкіндік бермейді.Соңғы жылдардағы климаттық өзгерістерден туындап жатқан құрғақшылықтан қорғану сияқты күрделі мәселелермен кешенді айналысатын кез жетті. Президент бұл орайда табиғатты қорғау мен су ресурстарын сақтау қызметтерін екшеп жеке болсын деген бастаманы өте орынды көтеріп отыр

 

                                                Түркістан қаласының тұрғыны:Калек Еркін

0 пікір