Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
11.01.2021 18:34
276
0

  Мемлекет басшысына 2020 жылдың қорытындысы бойынша ел дамуының макроэкономикалық көрсеткішінің болжамды есебі мен республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндалды.

  Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес, Президентке 2020 жылы нақты сектордағы өндіріс көлемі 2 пайызға артқаны жайында ақпарат берілді. Өңдеу өнеркәсібі 3,3 пайызға, оның ішінде азық-түлік өндірісі 3,6 пайызға, фармацевтика 40 пайызға, дайын металл өнімдерін өндіру 20 пайызға, машина жасау 16 пайызға, атап айтқанда автомобиль өндірісі 53 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 16 пайызға өскен. Солайша нақты сектор ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтаудың басты факторына айналған.

  Асқар Мамин Мемлекет басшысына ұзақ мерзімді орта көрсеткіштер бойынша құрылыс саласының қарқыны айтарлықтай жоғары екенін айтты. Былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5 пайызға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14,5 пайызға көбейген немесе 15 миллион шаршы метр баспана тапсырылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 5,0 пайызға жеткен. Тау-кен өндірісіндегі темір кені және өзге де пайдалы қазбалар бойынша өсім сақталды.

  Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін баяндаған Премьер-Министр күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,46 пайызға өскенін, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайтынын жеткізді. Жұқпалы аурулар ауруханаларының 29 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 21 пайызында адамдар емделіп жатыр.

  Президентке инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және басқа да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер бойынша қабылданған шаралар жайында есеп берілді.

Дереккөз:ҚР Президентінің ресми сайты


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР: 

 

1. Қазақстанның 40 қаласының тұрғындары жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимінде ала алады
2. Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
3. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
4. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды
5. Жерді тиімсіз пайдаланушылардың «қара тізіміне» 600-ден астам адам енгізілді

0 пікір