Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
06.02.2021 12:03
211
0

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты. Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Дереккөз: ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы


0 пікір