ПРОБАЦИЯ – ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН-АЛУ БАЙЛАМЫ
ПРОБАЦИЯ – ҚЫЛМЫСТЫ АЛДЫН-АЛУ БАЙЛАМЫ
30.05.2024 02:46
29
0

Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі болып табылады.

        Жалпы, пробация сөзі, қазақшаға аударғанда «сынау, байқау» дегенді білдіреді. Яғни сынаудың негізі – адамның қылмыс жасағанына қарамастан, оның түрмеге отырмауына мүмкіндік беру. Ол үшін қылмысқа барған адам сот міндеттеген шарттардың бәрін орындауы керек. Осылайша, байқаусызда сүрінген жандар болса, оларды түрмеге жібермей, қоғамға бейімделуіне мүмкіндік беру. Ал пробация қызметі ондай адамдарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасайды.

         Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, емдеу, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.

         Пробация қызметінің кешенді стратегияның мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды кешенді әлеуметтендірудің ұлттық жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге ықпал ететін тиімді жағдайларды жасау.  Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлері де атқарылуда. Мұның ең басты мәселесі – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емесжазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылап, олардың тарапынан қайта қылмыс жасау әрекеттеріне жол бермеу болып табылады. Осыған орай пробация қызметі мен ішкі істер органдарымен бірлесіп қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың өмір салтын және мінез-құлқын бақылауда біршама жұмыстар атқарып, сотталғандармен қайта қылмыс жасаудың алдын алу іс-шаралары жүйелі жүргізілуде. 

         Осы бағыт бойынша түркістандықтарда шет қалмады. Мәселен, пробация есебіндегі тұлғалардың қайта қылмыс жасауынын алдын алу мақсатында қала прокуратурасының үйлестіруімен мобильді топ құрамында (әкімдік,пробация,полиция, жастар ресурстық орталығы) мереке күндері түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында сотпен шектеу мен міндеттер жүктелген қайта қылмысқа бейім жоғары топтағы пробация қызметі есебінде тұратындардың мекенжайлары тексеріліп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, қайта қылмыстың алдын алу бойынша құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мағыналас рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Пробация есебінде тұрған адамдардың  барлығына мамандар заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізеді. Бүгінде мамандар бірлескен түрде есепте тұрған азаматтардың  үйлеріне аралау жұмыстарын бастады. Бұл кешкі рейдтің басты мақсаты да сол сотталған азаматтардың  тұрмыстық жағдайымен танысу, қайта қылмыстың алдын алу. Алдағы уақытта дәл осындай түсіндіру жұмыстары мамандар тарапынан жалғаса бермек.

         Сотталушының кінәсі қанша жерден ауыр болса да, ол мемлекетіміздің азаматы деген аттан айырылмайды. Пробациялық бақылау – істі болғандардан өш алу мақсатында емес, керісінше оларды тәрбиелеу үшін қолданылатын қызмет. Қоғамымызда тәртіптің билік етуі бір қалада, бір облыста, бір елде тұрғанымыздықтан, мұндай маңызды мәселе баршамызға ортақ болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік тәртіпті сақтау – бәріміз үшін басты міндет. Еліміздің игілігіне бағышталған заңдарды құрметтеп, мәнді де сәнді өмір сүруге күш салайық. Өйткені, бостандық – бәрінен қымбат.

0 пікір