ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫ АУМАҒЫНДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
ҚАЖЫМҰҚАН СТАДИОНЫ АУМАҒЫНДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ӨТТІ
20.04.2024 14:21
44
0

Республикалық “Таза Қазақстан” акциясының «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына Тұран ауданында Қажымұқан стадионы мен сол маңдағы спортшылар аллеясында, балалар темір жолы бойында тазалық шаралары өтті. 

Науқанға қатысушылар стадион айналасындағы арамшөптерді орып, реттеп, Қажымұқан ескерткіші мен спортшылар аллеясындағы  даңқты спортышыларға арналған тақтайшаларды жуып-тазалап, балалар темір жолы бойын қоқыстан тазартты.

—Қажымұқан стадионына еліміз ғана емес, шетелдік азаматтар көп келеді. Түрлі жарыстар мен жиындар өтеді. Сондықтан бұл маңды таза ұстауға, көгалдандыруға  көп көңіл бөлінеді,—  дейді Тұран ауданы «Қоғамның орта сапасын дамыту» бөлімі басшысының м.а. Жәңгірхан Байсал. 

Қажымұқан стадионы аумағында өткен тазалық шараларына жұмысқа 2 техника, 50 адам жұмылдырылды. Бір айдан аса өткізілетін акция аясында түрлі апталықтар жарияланды. Соның негізінде айналаны абаттандырып қана қоймай, арықтар мен су жүйелерін тазалау жұмыстары да жүргізілмек.

0 пікір