ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ ЖӘНЕ ТҰРАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАЛА ӘКІМІ АБАЙ ЖӘНЕ ТҰРАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
11.08.2024 15:46
5
0

                      

 

Халық үніне құлақ асып, елге бір табан жақын жерде қызмет етіп жүрген қала әкімі Ғабит Сыздықбекрв қыруар жұмыс атқарып келе жатқанына дүйім жұртшылық куә. Бұл – білімді де білікті басшының жүйелі жұмысының нәтижесі.  Қала тұрғындары көшпелі кездесуде жолдарды асфальттеу, кеңейту, спорт және балалар алаңдарын салу, жер учаскелерін заңдастыруға қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ, Жиделі, Қызылжар, Құрсай, Ақтас шағын аудандарының, сондай-ақ Рысқұлов және Байтұрсынов көшелерінің тұрғындарымен кездесті. Қала тұрғындары көшпелі кездесуде жолдарды асфальттеу, кеңейту, спорт және балалар алаңдарын салу, жер учаскелерін заңдастыруға қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Кездесу барысында Жиделі шағын ауданы халқы білім, денсаулық сақтау нысандарының, жаяу жүргіншілер өткелінің және шалғай көшелердегі жарықтың жоқтығына шағымданды. Мегаполис басшысы салалық басқармалардың басшылығына балабақша мен мобильді медициналық пункт салу мүмкіндігін мұқият зерделеп, қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, Қызылжар шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен кәріз жүйесін жүргізу, қоғамдық көлік маршруттарын ұзарту және көшелерді абаттандыру мәселелерін талқылады. Ал Рысқұлов көшесі 1а, Байтұрсынов көшесі 65, Құрмет шағынауданында және Ақтас тұрғын алабында тұратын тұрғындар жасыл желек жайына, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, тротуарлар мен аялдамаларды орналастыру мәселелеріне тоқталды. Суару жүйелері, мәдениет үйінің, балабақшаның құрылысы, сондай-ақ электр энергиясымен, сумен үздіксіз қамтамасыз ету жайы да қаралды. Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдаған Ғабит Сыздықбеков тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. Бұдан басқа, аудан әкімдеріне жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыру және жергілікті маңызы бар көшелерге коммуникациялар жүргізу бойынша нақты міндеттер жүктелді. Еске салсақ, қала әкімі жиі елдімекендерді аралап, көшпелі кездесу өткізіп тұрады. Бұған дейін Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізген болатын. Тұрғындар жасыл желектерді суару, суару жүйелерінің жағдайы мен жол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнатуға қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізген еді.

0 пікір