ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
ҚАЛА ӘКІМІ ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ
25.04.2024 12:21
74
0

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық ауқымды акциясы Шымкент қаласында қарқынды жалғасуда. Республикалық экологиялық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, ауқымды акция аясындағы атаулы бес аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында үшінші мегаполистің әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Әл-Фараби ауданындағы тазалық шараларына қатысты. Қала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы шаралардың тұрғындар жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор. Жалпықалалық акцияға атсалысқан белсенді жастар мен еріктілер, жергілікті азаматтар «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағының аумағы, «Қошқар ата» өзенінің жағалауы, алаңдағы жол үсті көпірі, «Жер Ана» монументі маңына тазалық жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жасыл желекті күтіп-баптау, аялдамаларды жуу,шөп ору, абаттандыру шаралары да жалғасып жатыр. Ғабит Әбдімәжитұлы қаламызға деген жанашырлықты, ауызбіршілік пен ынтымақты көрсететін тазалық шараларының маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды. Сондай-ақ, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды. Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Республикалық акцияға қала әкімдігіне қарасты барлық басқарма қызметкерлері де қатысып жатыр. Әр мекеме өзінің ауласын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмысын жүргізді.

0 пікір