ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚАЛА ӘКІМІ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
04.04.2024 13:26
40
0

 

Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасты. Қазіргі таңда шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ауқымды іс-шаралар қолға алынып жатыр. Олардың ірі жобаларды іске асыру мүмкіндіктері де едәуір кеңейтілді. Бүгінде елімізде жұмыс істеуге ниетті шетелдік инвесторлар қатары артып келеді. Соңғы 30 жылда Қазақстанға әлемнің 120-дан астам елінен 370 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартылған. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай халық республикасынан келген инвесторлармен кездесті.
Жиында қала басшысы инвесторлармен байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қытай Халық Республикасының өкілдерін қабылдады. Аспанасты елінен келген қонақтарды Чанджи-Хуэй автономды округ губернаторының орынбасары Су Сяоли ханым бастаған делегация өкілдері арнайы қалаға ат басын бұрды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, өзара сауда-экономикалық байланыс, әлеуетті инвестициялық жобалар талқыланды.
Келіссөз барысында екі жақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатындағы кешенді шаралар «KIT» бизнес қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен форуммен жалғасты. B2B форматындағы жиында жергілікті кәсіпкерлер тамақ өнімдері мен полиэфир материалдарын өндіретін жеңіл өнеркәсіп бағытындағы қытайлық компаниялардың өкілдерімен ақпарат алмасты. Бизнес өкілдеріне тауарларын шет елге экспорттау, басқа да серіктес компаниялармен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктері ұсынылды.
Шетелдік 35 компанияның өкілдері қатысқан жиынның қорытындысында Шымкент каласы әкімінін орынбасары А. Кәрімов, Қытай Халық Республикасы ШҰАР Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы губернаторының орынбасары Су Сяоли, Қытай Халық Республикасының Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданы сауда басқармасының партиялық тобының хатшысы Чэн Сяофэн коммерциялық құжаттарға қол қою рәсіміне куә болды.
Былтыр Шымкент пен Қытай арасындағы тауарайналым 291,7 млн АҚШ долларын құрады. Қазір қала аумағында қытайлық инвесторлардың қатысуымен 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 60 миллион АҚШ долларын құрайтын тағы бір инвестициялық жоба қолға алынуда. «Жұлдыз» индустриялық аймағында «Wan Sheng Ceramic» ЖШС-нің керамикалық тақташалар өндіретін зауыты 350 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының 70 пайызы орындалған.

0 пікір