ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — САНА ТАЗАЛЫҒЫ
ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — САНА ТАЗАЛЫҒЫ
02.05.2024 11:53
24
0

      Бүгінгі күні күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық болып отыр. Дана халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық»-демекші еліміздің экологиялық жағдайын қарастыру мәселесі біз үшін алдыңғы орында болуы тиіс. Қай жағынан болмасын тұлғаның өзіндік көріктеніп қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз. Осы тұрғыдан қала тазалығын өз деңгейінде ұстауға ат салысу барша адамзаттың міндеті. "Тазалық – денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды.  Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек.  Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты.  Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді. Өйткені жылдағыдай емес, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда. Бұл аптада «Өнегелі ұрпақ»науқаны бойынша ілкімді істер жүзеге асқан. Соның бірі Әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында» ұйымдастырылды. Қазыбек би 6 көшесіндегі тұрғын-үй алқабының көлемі үлкен және ардагерлер көп. Сондықтан осы аумақта тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты.

    - «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек,- дейді Қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова.

    Әрбір саналы азамат өзі тұратын қаланың таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. Қаламыздың таза, әдемі болуын басты назарда ұстауымыз қажет. Оған үлес қосу — әрбір азаматтың міндеті. Тазалық мәселесіне барлығымыз атсалысуымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, оған жергілікті әкімшіліктің, оған жауапты мекемелердің шаруасы деп қарамаған жөн. Қоқысты ретсіз, көрінген жерге тастауға болмайды. Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек. «Тазалық — саулық негізі» дегендей, қоршаған ортаның тазалығын сақтау маңызды. Туған мекеніміздің таза әрі әдемі болуы онда тұратын әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді.

0 пікір