ҚАН ТАПСЫРУ АРҚЫЛЫ ХӘЛ ҮСТІНДЕ ЖАТҚАН ТАЛАЙ НАУҚАСҚА ҮМІТ СЫЙЛАЙСЫҢ
ҚАН ТАПСЫРУ АРҚЫЛЫ ХӘЛ ҮСТІНДЕ ЖАТҚАН ТАЛАЙ НАУҚАСҚА ҮМІТ СЫЙЛАЙСЫҢ
05.08.2024 14:30
5
0

 

Қан тапсыру – донор болу адам өмірін сақтап қалу. Ол өзгеге өмір сыйлағанмен бірдей. Ажал аузында жатқан науқас жанға донорлардың тапсырған қаны оның өмірін аман алып қалу, бүкіл адамзатты құтқарғанмен тең дәрежедегі ізгі амал болып саналады.  Деректерге көз жүгіртсек, жаһандағы әрбір үшінші адам қанға мұқтаж көрінеді. Десе де, кейінгі уақытта науқас азаматтарға өмір сыйлауға құштар жандардың қатары көбейе түскені көңіл қуантады. Еріктілер Әрі қан тапсырып ауыр науқастарға үміт отын сыйласа, бір жағынан тағы да бір сауапты іс жасады.  Бұл игі іске, әсіресе қала жастары көп атсалысуда. Мәселен, Халықаралық жастар күнін мерекелеу елімізде 3-12 тамыз аралығында өтеді. Осыған орай Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Жастармен бірге!» атты ұлттық онкүндік жоспарланған. Мереке қарсаңында қала жастары думандатып, көңіл көтермей, қала тазалығына, қайырымдылық акциялар мен мәдени іс-шараларға көңіл бөлмекші.

Соның бірі Шымкент қалалық қан орталығында еріктілердің «Өзгеге өмір сыйла» атты қан тапсыру акциясы. Жалпы, 60-қа жуық ерікті жастар жас спортшылар мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты. Жалпы саны 50-ден астам жас толық тексеруден өтіп, донор болуға мүмкіндік алған.

Алғаш рет, қан орталығына келіп акцияға қатысқан жас спортшы Арапбай Нұрғазы бұл іс үлкен жауапкершілікті талап ететінін айтады.

– Ұйымдастырушылардан алдын ала ескертулер мен талаптар айтылды. Мәселен, бір күн бұрын майлы және тұзды, қуырылған тағамдарды тұтынбау керек. Оның орнына тәтті тосаппен шырындар, кептірілген нан, көкөністер мен жемістер жеген дұрысырақ. Айтылған диетаны ұстап, қазір өз кезегім келгенде дәрігердің қабылдауымен қан тапсырамын,-дейді ерікті жас.

0 пікір