Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?
Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?
04.04.2024 10:05
32
0

Скрининг - бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау 

Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі ⬇️

Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек

Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар

жатыр мойны обыры бойынша: осы аурумен есепте тұрмайтын 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Жиілігі: 4 жылда бір рет. Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн;


сүт безі обыры бойынша: осы аурумен тіркелмеген 40-70 жастағы әйелдер.          Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі: 60 күн;

тоқ ішек және тік ішек ісігі бойынша: 50-70 жаста осы ауру бойынша есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн.

0 пікір