«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ОРАСАН
«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ОРАСАН
16.07.2024 14:07
105
0

Соңғы жылдары елімізде нақты секторға берілетін несие мөлшері азайып, банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Бұл жағдай отандық қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне, азаматтардың шектен тыс қарызға батуына алып келген болатын. Осы орайда халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба ел игілігіне айналуда.  Қаржылық сауаттылығын жетілдірген жұрт енді кәсібін дұрыс бағдарлай білсе нұр үстіне нұр болмақ. Президент  жаман әдетке, әсіресе, жастар әуес екеніне назар аударып, мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға шектеуді күшейтуді тапсырған. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Республикалық «AMANAT» партиясы және Шымкент қалалық филиалымен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің «Қарызсыз қоғам» жол картасының іске асырылуда. 2024 жылдың ақпан айыннан бастап кез келген тұрғынға қаржылық сауатты арттырып, қарыздан құтылуға көмектесетін «Қарызсыз қоғам» жобасы іске тыныс алды және проблемалық борышкерлерді де оңалту бағдарламасы қолға алынды. Қатысушылардың жартысына жуығы білікті қаржы және заң мамандарының көмегін алуда. 2024 жылдың 5 ақпанынан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша 1500 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алды (бұл жоспар бойынша 50 % орындалды). Тренингке қатысушылардың басым бөлігі қаржылық сауаттылықтың төмендігінен келеді, соның салдарынан Қазақстан халқының қарыздық жүктемесі артып келеді. Курс барысында қаржы мамандары оқытумен қатар, бизнесті мемлекеттік қолдау, отбасылық бюджетті құру бойынша жеке кеңестер берді, «Қарыз қоғам» жобасына қатысушылар еңбекке тіркелуден бастап кең ауқымды мәселелер бойынша кеңестер алды; .kz порталы және жеке кәсіпкерге соттан тыс банкроттықты рәсімдеу және берешекті өтеу кестелерін жасау бойынша кеңес алған. Тренинг барысында қатысушылар заңгерлердің көмегін пайдалана алады, сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құжаттарды жинау бойынша кеңестер ала алады. Заңгерлер өтініш берген кезде әрбір қарыз алушының несие тарихын жеке зерттеп, борыштық жүктемені жеңілдету бойынша практикалық кеңестер берді, сондай-ақ шот ашудан банкроттық туралы арыз беруге дейін қолдау көрсетті. Жеке консультациялар кезінде тыңдаушылар қатысу үшін бағдарламаны таңдайды және сарапшымен бірге бизнес-жоспар жасайды.

 

0 пікір