Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті
19.01.2021 14:12
212
0

   Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Тағайындалсын:

Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;Ақтоты  Рахматоллақызы  Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының

                Президенті                                    Қ.Тоқаев

 


Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты

 

 

0 пікір