Қазақ, Қырғыз мемлекет басшылары телефонмен сөйлесті
Қазақ, Қырғыз мемлекет басшылары телефонмен сөйлесті
16.11.2020 15:46
538
0

  Қырғыз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министрі Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

  Мемлекет басшылары қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

  Әңгімелесу барысында Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.

  Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті.

  – Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді, – деді Қазақстан Президенті.

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президентінің Ресми Сайты

 

 


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  


 

ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Қазақстанда Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленді
2. Коронавирус пандемиясынан аштыққа ұшырап отырғандар саны 270 миллионға өсті
3. Жаңа жеңілдіктер мен зейнетақы жинағын алдын ала алу
4. Түркістан: Зертханалар коронавирус инфекциясына тәулігіне 5000 сынама өткізуге дайын
5. Арман Жетпісбай: Ең бастысы, қаражатты қажетті нысандардың құрылысына жұмсау қажет
6. Сарыағашта істемеген қылмысты қинап мойындататын "оперлерге" бір тоқтам бола ма?
7. Қ.Тоқаев: Асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін

 

0 пікір