Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды
Қазақстан мен Қытайдың әскери саладағы ынтымақтастығы талқыланды
26.04.2022 11:06
82
0

Қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты

 Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен елімізге ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фэнхэнің екіжақты кездесуі өтті.
 
"Тараптар күн тәртібіндегі өзекті және басымдық берілген екіжақты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу практикасын жалғастыру, екі ел әскери қызметшілерінің далалық машықтан түрлі жарыстарға қатысуы, қарулы күштер мен әскери-техникалық ынтымақтастық үшін білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді", - делінген ведомство хабарламасында.
 
Одан бөлек, қорғаныс министрлері бітімгершілік саласында бірлескен іс-қимылды жолға қою қажеттігі жөнінде уағдаласты.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де Қазақстан мен Қытай қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимыл басымдықтарына жоғары баға берді.
Сонымен қатар, Қазақстан-қытай әскери ынтымақтастығын нәтижелі дамытудың әлеуеті де атап өтілді.
 
 
Дереккөз:Sputnik.
0 пікір