Қазақстан Парламенті демалысқа кетті
Қазақстан Парламенті демалысқа кетті
30.06.2021 12:18
188
0

Сенат пен мәжіліс депутаттары қыркүйекке дейін демалады, парламенттік демалыс кезінде олар сайлаушылармен кездеседі

Жетінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы жабылып, депутаттар жазғы каникулға шықты.

Бүгін, 30 маусым күні парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіне жетінші сайланған парламенттің бірінші сессиясының жабылуы және парламенттік каникул туралы мәселе шығарылды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптестері алдында баяндама жасады. Оның айтуынша, бірінші сессия кезінде депутаттардың қарауында 104 заң жобасы болды, олардың 63-і қабылданды, 58 заңға президент қол қойды.

"Бүгін біз жетінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл сессия жұмысы қасиетті Отанымыз Қазақстанымызға 30 жыл толған мерейлі кезеңде басталды", - деді Нығматулин.

Спикер ел дамуына нақты серпін беретін маңызды бастамалар мен саяси әрі экономикалық-әлеуметтік реформаларды заң жағынан қамтамасыз етіп келе жатқан қос палаталы кәсіби парламенттің құрылғанына биыл 25 толып отырғанын атап өтті.

"Бұл әрқашанда Қазақстанның заңнамалық тірегі болып келе жатқан парламент үшін өте маңызды оқиға. Осындай тарихи кезеңде біздің депутаттық корпустың рөлі де, жауапкершілігі де бұрынғыдан да арта түсті", - деді мәжіліс төрағасы.

Парламенттік каникул кезінде депутаттар өңірлерді аралап, сайлаушылармен  кездеседі. Жергілікті жерлердегі мәселелермен танысады, халықтың мұң-мұқтажын тыңдайды.

Деренккөз: sputnik.kz

0 пікір