Қазақстан The Guardian оқырмандары ұнатқан туристік ел қатарында
Қазақстан The Guardian оқырмандары ұнатқан туристік ел қатарында
12.01.2021 10:25
222
0

   Қазақстан The Guardian басылымының оқырмандары саяхаттауға кеңес берген елдер қатарына кірді.

  Сонымен қатар Ұлыбритания басылымының тізімінде Шотландия, Украина, Қырғыз Республикасы, Мавритания, Грузия мемлекеті бар.

   Бұған дейін қазақ жеріне саяхаттап келген Скотт Страчан есімде оқырман былай депті: «Біз Жаңа 2021 жылдан зор үміт күтеміз. Əлемдік вакцинация шексіз еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

  Өз басым 2019 жылы бастаған көне Жібек жолы бойындағы елдерді аралауды жалғастырамын. Қытайдағы Қашқар жерінен бастап, Алматы, Бішкек, Самарқандқа жалғасқан сапарымды осы жылы Тегеранға сосын Бакуге барып тəмамдауды жоспарлап отырмын».

  Айта кетейік, жақында Францияның Le Figaro басылымы Қазақстанды 2021 жылы саяхаттауға арналған 21 дестинация қатарына қосқан еді.

Біздің анықтама:

  Дестинация - туристердің қалауы мен сұранысына сай келу үшін жасалған қызмет түрлері мен инфрақұрылым жиынтығы.


Дереккөз: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты

0 пікір