Қазақстанда ұлттық құрылтай жұмыс істейді
Қазақстанда ұлттық құрылтай жұмыс істейді
16.03.2022 12:50
86
0
Жаңа құрылым ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына ұлттық құрылтай құруды ұсынды.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады. Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалды моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналады", - деді Тоқаев халыққа жолдауында.
Ұлттық құрылтайға барлық аймақтың өкілдері кіреді. Сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы пен Азаматтық альянс өкілдері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, өндіріс пен ауыл шаруашылық жұмысшылары, бизнесмендер және басқалар енеді.
0 пікір