Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 334 млрд теңгеден астам қаражат төленді
Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 334 млрд теңгеден астам қаражат төленді
23.12.2020 13:22
347
0

  2020 жылғы қаңтар-қараша аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 266,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 68,1 млрд теңге бөлінді.

  2020 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1 млрд теңге, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 7,1 млрд теңге бағытталды.

  2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 509,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 159,2 мың адамды құрайды.

  Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

  2020 жылғы 1 желтоқсанға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 47 336 теңгені, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 44 643 теңгені құрады. 

Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР: 

1. Сенаторлар ағаштарды кесу үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды
2. Сенаторлар Экологиялық кодексті қарайтын болды
3. Жақсылық Мәуленов: Орталықта ем қабылдау 100 пайыз тегін
4. Руслан Дәленов: Кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды
5. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды

 

0 пікір