ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
15.05.2024 13:19
18
0

     Жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – жұмыс берушінің негізгі міндетінің бірі. Еңбекті қорғау сапасы, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейі қызметтерге жұмыс берушілерге және барлық деңгейдегі билік органдарына бірдей тиімді. Тек қауіпсіз еңбек қана лайықты жұмыс деп атауға лайық! Сондықтан, еңбекті қорғау еңбек міндеттерін орындау кезінде өндіріс процесінде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірін сақтауды қмамтамасыз ету үшін барлық қажетті әрекеттерді жасау міндет.

    Заң талаптарына сәйкес әрбір азаматтың жұмыс орнының қауіпсіз болуын талап етуге құқығы бар. Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жұмыскерлер еңбегінің қауіпсіздігін және қорғалауын бақылауды қамтасыз етуге бағытталған «Халықтық бақылау» жобасын ірі кәсіпорындарда енгізу туралы тапсырмасы берілген болатын. Бүгінде бұл жобаны қаламызда 18 кәсіпорын енгізген. Бұл туралы толығырақ Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

     –Қаламыздағы кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша қазіргі уақытта қаламызда 1452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2118 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілді. Сондай-ақ қаламыздағы 144 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық және ұлттық стандарттар енгізілген, – деді Б.Қалжанов.

    Басқарманың негізгі функцияларының бірі жұмыскерлердің, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерді қарау болып табылады. Осы тұрғыда басқармаға биыл 769 арыз-шағым келіп түсіп, оның 656 өтініші қаралған. Нәтижесінде 194 тексеру жүргізіліп, 546 құқық бұзушылық анықталған. Басқарма басшысының айтуынша анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 120 нұсқама беріліп, 4,3 миллион теңгені құрайтын 105 айыппұл салынған. Сондай-ақ 690 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалып, 423 жұмыскердің жалақы қарыздары өтелген.

    Сондай-ақ брифинг барысында жыл сайынғы «Еңбек жолы» конкурсына өтінімдер қабылдау басталғанын атап өтті. Айта кетейік, бұл конкурс еңбек адамын насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Конкурстың өңірлік кезеңінен өткен қатысушылар республикалық конкурсқа жолдама алмақ.

0 пікір