ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
09.05.2024 14:40
15
0

Тәртіп сақшыларының қырағылығы оларға қалың бұқараның зор сенімін қалыптастырады. Әрине, елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес.

Қоғамның дамуы – мемлекеттің дамуы. Ал сол қоғам тыныштығын сақтауда тәртіп сақшыларының атқарар қызметі көп.   Қоғамдық тыныштық пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген құқық қорғау қызметкерлерінен қарапайым халық қай кезде болсын үлкен жауапкершілік күтетіні сөзсіз. Еліміздің кез келген тұрғыны тәртіп сақшыларын өзінің қорғаны, қысылтаяң тұста арқа сүйер тірегі деп білуі керек. Тұтастай алғанда, ел тыныштығының тірегі мен азаматтардың конституциялық құқығының қорғаушысы бола білу – дәл осы полиция қызметкерлерінің тікелей міндеті. Бұл тұрғыдан келгенде, түркістандық полицейлер жергілікті тұрғындар алдындағы өз міндетін адал атқарып жүр деуге толық негіз бар. Бүгінде тәртіп сақшылары бас қаладағы жағдайды тұрақты қадағалап келеді. Күн болсын, түн болсын, түркістандықтардың тыныштығын күзетеді.

 Осы бағытта, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мереке күндері тұрғындар тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқаруда.

Әрқашан және барлық жерде, кез келген уақытта, әрбір қоғамда қоғамдық тәртіпті, заңды сақтау, азаматтар мен мүлікті қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі орасан зор. Полиция қызметі – бұл басқа адамдардың және бүкіл қоғамның өмірін қауіпсіз және жақсартуға көмектесетін қиын, бірақ, өте қажет мамандық. Полиция қызметкері болу адалдықты,кәсібилікті, шеберлікті қажет етеді. Ол үшін оларға ақыл, оң көзқарас, үлкен шыдамдылық, ерік-жігер мен мықты денсаулық қажет. 

         Тәртіп сақшыларының жүйелі жұмысы дабыра болар дауды азайтып, жастарды жаңсақ қадам басудан сақтайтыны сөзсіз. Заңды өкілдерінің рұқсатынсыз түнгі уақытта сайран салатындар тәртіптің ығына жығылады деп сенеміз. Тәртіп сақшылары жайында қоғамда түрлі қөзқарас қалыптасқан. Бірі оларға дән риза болып мақтаса, енді біреулер үлкен реформа қажет деп есептейді. Айтқандай, қайта құру бұған дейін де талай рет жүргізілген еді. Нәтижесі жоқ деп айтуға келмейді. Себебі мамандардың сөзінше соңғы жылдары Түркістанда аты шулы қылмыстардың саны едәуір азайған.

0 пікір