ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕТІН АЗАМАТТАР ТІЗІМІ ТОЛЫҚТЫ
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕТІН АЗАМАТТАР ТІЗІМІ ТОЛЫҚТЫ
12.04.2024 13:16
29
0

  Қазір қоғамдық көлік мәселесі тұрғындарға проблемаға айналып отыр. Қоғам бар жерде көлік мәселесінің туындауы таңқаларлық жағдай емес. Адам саны мен тұрғын жайдың көбейгені сол қоғамдық көлікке деген сұранысты сондай-ақ жол ақыны төлеу бұрынғыдан да арттыра түсті. Жұмыс, оқу орындарына, басқа да маңызды жерлерге барып-қайту мақсатында қоғамдық көлікке отыруға асығады.   Бірақ та қазіргі таңда, осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жауаптылар да қол қусырып отырған жоқ.  Қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек ала алатын азаматтар санаттарының тізімі кеңейді.  Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтар қатарын көбейту туралы шешім қабылдады. Шымкентте қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған болатын.

        Субсидиялар есебінен азаматтардың жеңілдетілген санаттары қоғамдық көлікте тегін қатынайды. 

1 мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі жоғарыда аталғандардан бөлек, келесі санаттағы азаматтарға да қолжетімді болады:

1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;

5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

9) мүгедектігі бар балаларға;

10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;

11) оқушылар.

Айта кетейік, жолаушылар көлігінің сапасы қала басшысының жіті бақылауында. Бұл қызметті жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.

 

 

0 пікір