ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
13.05.2022 10:59
214
0
????12.05.2022 жылы сағат 11:00-де үшінші мегаполистеорналасқан Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік Академиясының Төралқасының көшпелі отырысы өтті.
????Көшпелі отырыстың күн тәртібіндегі тақырыбы: "Білім, ғылым және бизнес: инженерлік кадрларды даярлау, мәселелері". Көшпелі отырыстың президимуын Төрағалық жасаған ҚР ҰИА вице-президенті, академик, Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Темірбеков Мұхан Нұрланұлы төрағалық етті.
????Көшпелі отырысқа ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілістің депутаттары, еліміздің ғылым саласының академиктері, кәсіпорындарының басшылары, өкілдері, Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, университеттің оқытушы құрамымен студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
????Жиынның мақсаты: Кадр даярлау ісінде техникалық мамандықтар даярлау. Қажеттілікті өтеу үшін кәсіби-техникалық оқытуға айрықша мән берілуі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында айтуда. Осыған орай Ұлттық инженерлік Академиясы бүгінгі көшпелі отырысын болашаққа бағдар етіп осы университетте ұйыдастырды. Алдағы уақытта әртүрлі деңгейдегі өңдіріс орындармен кәсіпорындарға заманауи технологияларды кеңінен енгізіп, жаңа жұмыс орындардың ашылу мен халықтын тұрмысын жақсарту және еліміздің экономикасын көтеру. Осыған орай инженерлік сала бойынша бірнеше баяндамалар оқылып, жиынның аяғында үш жақты меморандумға қол қойылды.
????Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының көшпелі отырысы алғашқы яғни, бірінші рет көшпелі ретінде біздің Шым қаламызда өтті.
????Жиынның барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясына ғылым саласында қызмет атқарып жүрген бірнеше ғалым қызметкерлер академияға коррресподент-мүшелер қабылданды.
????Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының басшылығымен ұжымына қажырлы еңбек, Академиктерге амандық тілеймін. Сол кісілердің ғылым саласындағы жолдары жас ғалымдарға жұғысты болсын!
 
 
 
 
 
 
 
 
0 пікір