ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
28.05.2024 02:32
18
0

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтарға қауіпсіз өмір сүруге жағдай жасау болып табылады. Қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі құқықтың кез келген саласында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе өзекті мәселелердің біріне айналуда, өйткені қиын өмірлік жағдайға тап болған құқық бұзушылардың саны азаймайды. Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу, бұл —құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және күшейтуге бағытталған мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар қолға алынуда. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың кейбір түрлерінің ерекшеліктеріне баса назар аударылған. Қылмыс пен заңсыздықтың арасындағы айырмашылық талданады.

         Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып  табылады.

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды.Қазіргі таңда жалпы қылмыстылық деңгейі төмендегеніне қарамастан құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері алдыңғы қатарда қалуда.

 Түркістан қаласының прокуроры К.Нәрікбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы және қала аумағындағы әлеуметтік ошақтар картасы мәселелері бойынша мекемеаралық жиналыс өтті.

Жиналысқа қалалық полиция басқармасының және қала әкімі орынбасарлары мен әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшылары қатысты. Аталған жиында шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер мен қала аумағындағы криминогендік ахуал жөнінде жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалып, мемлекеттік орган басшыларының ұсыныстары талқыланды.

Нәтижесімен қала прокуроры талқыланған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, орындау үшін тиісті хаттама жолданды.

 

0 пікір