ҚҰРБАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚАУІПТЕН ҚҰТҚАРАДЫ
ҚҰРБАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚАУІПТЕН ҚҰТҚАРАДЫ
02.07.2024 16:09
22
0

 

Құрбан айт – исламдағы ең маңызды мерекелердің бірі. Ол үш күнге созылады және құрбан шалуды көздейді. Брифингте Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа қандай жануарларды құрбандыққа шалуға болатынын және етті қалай дұрыс тарату керектігін айтып берді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбан шалып,садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналатындығы баршамызға мәлім. Осы орайда Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Мәдени елді мекенінде ауылымыздың тумасы, Төлеби аудандық мәслихатының депутаты жанашыр азамат Бастықов Мұхтар Күзенбайұлы Айт намазына жиналған округ тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтай отыра өз атынан бір отбасыға Мәдени ауылынан 15 соттық Жер телімін сыйға тартты. Алла шалған құрбандықтарыңызды, жасаған садақаларыңызды қабыл еткендердің қатарынан етсін.

Құрбандық шалу ұғымы Әрбір саналы мұсылман діндегі міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарайды. Себебі діннің негізгі ұстындары қорғалуы тиіс. Сонда ғана дін толыққанды өзінің қоғамдағы қызметін атқарады.Құрбандық шалу да сондай маңызды құлшылықтың бірі. Ибраһим пайғамбардың сүннетті ретінде жалғасқан осы бір ерекше құлшылық бүгінгі күнге жетті әрі бұдан кейін де жалғаса бермек. Құрбандық шалудың тарихы тым тереңде. Ол исламға дейінгі діндерде де бар құлшылық. Дегенмен ислам діні келгеннен кейін де құрбандық шалу ғұрпы жаңаша кейіпте жалғасқан. Ислам дінінде оған мынандай анықтама беріледі: «Алла Тағалаға құлшылық жасау әрі жақындау ниетімен белгілі күндері арнайы түрде мал союды құрбандық шалу деп атайды. Көбіне сәске уақытында шалынатындықтан бұл шалынатын құрбан «ұдхия» деп те аталған.Құрбан шалу туралы хижри екінші жылы бұйырылған. Алла тағала бұйырғандықтан ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) оны бұлжытпай орындаған. Расулалла мүйізді екі қошқарды жетектеп әкеліп, бүйірімен жатқызып, «бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп өз қолымен бауыздағаны мәлім. Бұлардың бірін өзі мен отбасының атынан, екіншісін үмбетінен құрбан шала алмағандардың атынан шалған. Әрі құрбан шалуды өмірден озғанға дейін үзбей жалғастырған. Қоштасу қажылығында болса жүз түйе құрбандыққа шалған, бұлардың алпыс үшін алпыс үш жылдық жасына лайықтап есептесе, өзгелерін шалуды басқаларға тапсырғаны тарихтан белгілі.

Құрбандық шалудағы негізгі ниет – Алланың разылығы. Бұндай ниеттің болуы құрбандық шалуда өте маңызды. Алла разылығы деген түсінікке негізі тақуа кісілер көңіл бөледі, Алла да тек тақуа құлдарының құрбанын қабыл алады.  Айт намазында жамағат осы төңірегінде әңгіме қозғалып, игілікті іске асық болуға шақырды.

0 пікір