ҚҰРЫЛЫС – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ
ҚҰРЫЛЫС – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ
04.05.2024 12:37
14
0

             Қазақстан Республикасы егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құруларды жүзеге асырып, бүгінгі таңда өркениетті дамуға нарықтық экономика арқылы жетуді көздеп отыр. Осы орайда еліміздің өткен тарихына көз жіберу, жинаған тәжірибеден сабақ алудың маңызы зор. Әсіресе республикамыздың индустриалдық дамуы мен құрылыс саласының қалыптасуына баса назар аударған абзал. Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады. Адамзат өмірінің соңғы он жылдықтары экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістердің күрт қаулап өсуімен ерекшеленеді екен. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы да бар. Құрылыстың қарқынды дамуы жер бетінде көптеген жаңа қалалардың пайда болып, олардың санының артуына алып келді.  Қалалардың қарқынды даму нәтижесінде айналасындағы елді-мекендердің сол қалаларға қосылып кетіп жатқан үдерістері елімізде аз емес. Соның ішінде. Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды. Бүгінде елдімекенде инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасын тауып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

         Осы орайда,  Шым қаламызда  Басқарма басшысы О.Таджибаев Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласында құрылыс қызметі саласындағы атқарылған нақты жұмыстар мен жетістіктер және алдағы жоспарлары туралы есеп берді.

       Ағымдағы жылы басқарма тарапынан 103 жоба немесе 131 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 109 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 12 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

І тоқсан қорытындысымен 131 нысаннан
Тұран шағын ауданындағы 180 пәтерлі
2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.

        Атап өтейік,  Шымкент – жастары көп қала. Сонымен бірге мектепте білім ала­тын балалар саны да көп. Бұл көрсеткіш бойынша рес­пуб­­ликадағы өңірлер арасында ал­дыңғы орында екені сөзсіз. Осы орай­да жастардың, әсіресе мектеп жа­сындағы балалардың сабақтан тыс кездегі уақытын тиімді пайдалану маңызды рөл ойнайды. Себебі жастайынан бір іске ден қойып, соған машықтанып өскен баладан келешекте мықты маман шығады. Нағыз ұлтын сүйер азамат, еңбекқор жандар солар болады. Кішкентай кезінен білімге құштар, еңбекті жанындай жақсы көретін баладан ешқашан жалқау, мінезі нашар азамат шықпай­ды. Сондықтан да мектептен тыс тәр­биеге Президент те айрықша көңіл бөліп отыр. Мемлекет бас­шысы «Әділетті мемлекет. Бір­тұтас ұлт. Берекелі қоғам» ат­ты Жолдауында: «Қуатты ұлт­тың діңгегі – халық. Ең бастысы, аза­маттарымыздың денсаулығы мық­ты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орын­да тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам бо­луға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Мен Ұлттық құрылтайда және «Жастар рухының» съезінде бұған арнайы тоқталдым. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды», деп атап өткен еді.

0 пікір