ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
19.09.2024 16:34
24
0

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Шымкентте әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны азаймай тұр. Мегаполисте жылына милиондаған шаршы метр көпқабатты үйлер салынсада қалада халық санының артуына байланысты кезек көрсеткіші кемімейді. Десекте осы құрылыс сапасы күнтәртіптен түскен емес.

 Құрылыс саласындағы басты мәселелердің бірі – құрылыс сапасының дұрыс бақыланбауы десек, оны кейбір мердігерлер жұмыс құнын төмендете отырып, өз пайдаларын еселеу жолына тырысады. Салынып жатқан нысандардың сапасы – тұрғындар үшін аса маңызды, өйткені олар сол нысандарды пайдаланушылар болып табылады. Перзентханалар, мектептер, университеттер, мекемелер мен ұйымдардың ғимараттары барынша сапалы салынуы тиіс. Дегенмен, өкінішке орай, бұл талап әрдайым сақтала бермейді. Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды қатаң бақылауда ұстап отыр. Шаһар басшысы құрылыс нысандарын аралау кезінде көзге түскен бірқатар кемшіліктерді сынға алып, оны уақыт өткізбей жоюды тапсырды. Жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы - Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы баяндады.

            Құрылыс нысандарының пайдалануға берілуіне қатысты 781 өтініш қаралды, оның 189-ы оң шешім тапты. Сонымен қатар, басқарма жыл басынан бері 130 нысанда тексеру жүргізді, нәтижесінде 96 нысанға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Басқарма заңсыз құрылыстарды бақылауды күшейтіп, 205 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 51,9 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Қазірге дейін 37,6 млн теңгесі өндірілді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы заңсыз құрылыс объектілері бойынша да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар салынған.

            Құрылыс сапасына қатысты да 19 нысан бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар өндірілген. Сонымен қатар, үлестік қатысу заңнамасын бұзған 9 тұрғын үй кешеніне де айыппұл салынған.

            Шымкент қаласының билігі құрылыс саласындағы тәртіпті нығайтуға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.

 

0 пікір