ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА
ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУЫНДА
02.04.2024 13:29
26
0


Құрылыс саласында мәселелер шаш етектен. Ғимаратты жобалаумен заңгер, оны салумен көрінген көк атты айналысып кетті. Соның салдарынан салынған үйлер сапасыз шығып жатыр. Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігін арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор. Сондықтан бүгінгі таңда кәсіпорындағы құрылыстың сапасын арттырып ондағы тиімділікті жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Осы мәселе бойынша Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылыс сапасын жіті бақылап отыр. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде республикамызда тұрғын үйлерді беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Шымкентте тұрғынүй кезегінде тұрған біраз адам биыл қоныс тойын тойлайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес баспанаға мұқтаж жергілікті халықты қолжетімді пәтерлермен қамту жұмыстары шымшаһарда қарқынды жүзеге асуда.
Шаһарда құрылыс басқармасы тарапынан биыл 239,0 мың шаршы метрді құрайтын 2 950 пәтерлі 73 көпқабатты үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында 2 үй, Бозарық елдімекенінде 38 үй, Ақжайық шағынауданында 33 үй салынады. Тұрандағы үйлер мен Бозарық 2 үйдегі арендалық пәтерлер ретінде, ал Бозарықтағы 36 үй мен Ақжайықтағы 33 үй кредиттік пәтерлер ретінде бірқатар санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

Ағымдағы жылы 73 тұрғын үйден 207,6 мың шаршы метрді құрайтын 66 тұрғын үй құрылысы аяқталады. Тиісінше, 2 670 пәтер баспанаға мұқтаж тұрғындарға табысталады. Ал, 31,3 мың шаршы метр құрайтын 260 пәтерлі Ақжайық шағынауданындағы 7 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1264 пәтер сатып алуға бюджеттен 22,7 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 364 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланып отыр. Басты мақсат жоспарланған нысандардың барлығын уақытында қосып, сапасын қадағалау. Мемлекеттің қаражаты ең алдымен халық игілігіне жұмсалуы тиіс

0 пікір