РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ
РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ
15.03.2026 11:43
8
0

Түркістан облысында референдум учаскелері таңғы 07:00-ден өз жұмысын бастады. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, сайлаушыларды жылы қарсы алуда. Олардың айтуынша, наурызнаманың онкүндігіне тура келген саяси маңызы жоғары шараны ұлттық киіммен өткізу патриоттылықтың көрінісі.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Дауыс беру науқаны кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

0 пікір