Түркістанда жиһаз өндіретін «LIDER PREMIUM» зауытының қызметкерлері саяси науқанда белсенділік танытып, №115 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасады. Осылайша, 2005 жылдан бері ел нарығында өзіндік орнын қалыптастырған зауыт ұжымы ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын көрсетіп отыр.
«Әрбір мемлекет үшін халықтың пікірін ескеру – тұрақты даму мен әділ қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі. Референдум – осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі. Мұндай маңызды кезеңдерде азаматтар өз таңдауы арқылы елдің болашағына ықпал етеді. Әрбір дауыс – қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастың белгісі. Сондықтан референдумға қатысу арқылы адамдар өз елінің тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді»- деді зауыт қызметкері Серік Жұмахметов.
Айта кетейік, түркістандық жиһаз зауытының бүгінгі таңда еліміз бойынша 60-тан аса дүкендері жұмыс істейді. Мекеме 300-ге жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олар біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын Түркия елінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru