Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен сенімге негізделген қатынас нығая түсуде
Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен сенімге негізделген қатынас нығая түсуде
27.05.2026 19:01
22
0

     Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанмен арадағы екіжақты қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қалыптасқан өзара түсіністік пен сенімге негізделген серіктестікті ерекше атап өтті. Путиннің айтуынша, екі ел басшылары арасындағы кездесулер мен тұрақты байланыстар тек ресми форматпен шектелмей, нақты нәтижеге бағытталған, мазмұнды диалогқа айналған.

 «Біздің елде тиімді, халық қолдайтын саяси жүйесі бар, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан қуатты экономикасы бар және өркендеп жатқан Қазақстанға үлкен құрметпен қарайды», – деді Ресей президенті Астанаға сапары қарсаңында жарияланған мақаласында.

     Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан арасындағы барлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Әсіресе экономика, энергетика, көлік-логистика, өнеркәсіп және гуманитарлық салалардағы әріптестікті нығайту екі ел үшін де басым бағыт болып қала беретінін жеткізді. Путиннің айтуынша, Мәскеу мен Астана арасындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейту – өңірлік тұрақтылық пен даму үшін маңызды факторлардың бірі.

     Қазіргі таңда Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік одақтастық деңгейінде дамып, екі ел арасындағы саяси диалог жоғары қарқынмен жалғасып келеді.

 

0 пікір