Ресей Қазақстанның жаңа министрімен жұмыс істеуден бас тартты
Ресей Қазақстанның жаңа министрімен жұмыс істеуден бас тартты
13.01.2022 13:56
97
0

 Россотрудничество басшысы Евгений Примаков Қазақстанның жаңа ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровпен жұмыс істеуден бас тартатынын жеткізді.

Бұл туралы Примаков өзінің Telegram-каналында жазба жариялап, жаңадан тағайындалған министрдің орыстар туралы жағымсыз пікір жазатынына көңілі толмайтындығын айтты.

- Россотрудничество руссофобпен ешқандай байланыс орнатпайды, жұмыс істемейді және ынтымақтаспайды, бұл біздің аталған министрмен өзара әрекеттесуімізге толықтай кедергі жасайды, - деп жазды Примаков.

Сондай-ақ, Россотрудничествоның саяси күреске бармайтынын және егеменді мемлекеттердің ісіне араласпайтынын баса айтты.

- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елдің қалыпты өмірін қалпына келтіру жұмысында өте қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр деп есептеймін. Оған ҰҚШҰ күштері, оның ішінде 3 мың ресейлік әскери қызметкерлер көмек көрсетті, - деп жазды Россотрудничество басшысы.

Министрдің өзі мұндай жарияланымдарды оның имиджін қорлау әрекеті екенін жеткізді.

- Мен ондай адам емеспін. Бұрынғы барлық лауазымдарда мен ресейлік және басқа серіктестермен жемісті жұмыс жүргізуге тырыстым. Ресеймен одақтастық қарым-қатынастардың қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Ресей Федерациясының біздің елімізге көрсеткен қолдауы құрмет пен ризашылықты тудырады, - деді Омаров.

 

 

Дереккөз:Exclusive.kz

0 пікір