Руслан Дәленов: Кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды
Руслан Дәленов: Кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды
07.12.2020 19:00
306
0

  Ағымдағы жылы ШОБ-ты қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылданды: салықтық ынталандыру; арзандатылған кредиттер мен оларды кейінге шегеру; әкімшілік жүктемені азайту; бизнес-ахуалды жақсарту (8-пакет); бизнес мәселелерін жедел шешу. Бұл туралы 4 желтоқсанда Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенаттағы тыңдауда баяндады.

  ҚР ҰЭМ мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан үш жылға босатылған.

  Шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру шаралары ұсынылды.

  Бизнес экономиканың зардап шеккен салалары бойынша еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерден жарты жылға босатылды.

  Жыл соңына дейін әлеуметтік төлемдерден, соның ішінде зейнетақы жарналары мен МӘМС-тен босату мерзімі ұзартылды.

  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС ставкалары 12%-тен 8%-ке дейін уақытша төмендетілді.

  Жыл соңына дейін ШОБ-тың ең осал секторлары үшін мүлік салығының және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жер салығының мөлшерлемелері нөлдендірілді.

  Дәленов салық жеңілдігі 700 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін қамтығанын жеткізді.

  Қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бизнесті қолдау бағдарламаларына бірқатар өзгерістер енгізілді: проценттік мөлшерлеме 6% деңгейінде біріздендірілді; «БЖК» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды; микрокредиттеу енгізілді; «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. 8% мөлшерлемемен кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы әзірленді.

  Экономиканың зардап шеккен салаларында ШОБ кредиттері бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялау басталды.

Зардап шеккен секторлардағы кредит алған кәсіпкерлердің 80%-інің төлемі кейінге қалдырылды.

 Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. Нұрлан Ноғаев: Жаңартылатын энергетика саласы тұрақты өсуде
2. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды
3. Мемлекет 2021 жылдан бастап ерікті түрде жаппай вакцина егуді жоспарлап отыр
4. Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің талаптары туралы сұрады

 

0 пікір