Түркістан облысының Сайрам ауданында қуаттылығы 1000 МВт болатын бу-газ электр станциясының салынуы – өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін стратегиялық инвестициялық жобалардың бірі. Жобаны іске асыру барысы бойынша облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовпен кездесу өткізіп, барлық жұмыс кезеңдерінің сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуына ерекше назар аударды.
Өңір басшысы жобаның маңыздылығын атап өтіп, оның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Бұл жоба Түркістан облысының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әкімдік пен компания арасындағы тығыз ынтымақтастық, жергілікті атқарушы органның тұрақты бақылауы жобаның уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.
– Түркістан БГҚ компаниясының Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов жобаның 2025 жылғы іске асырылу қорытындылары туралы хабардар етіп, негізгі технологиялық кезең – күштік жабдықтарды монтаждауға көшкенін хабарлады. Атап айтқанда, жыл соңына қарай станцияның негізгі корпусындағы уақытша тіректердің екі газ турбинасы мен генераторлары сәтті орнатылды. Жобалау, логистика және жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстардың барлық кешенін «Doosan Enerbility» және «Integra Construction KZ» ЖШС компанияларынан құралған халықаралық консорциум жүзеге асыруда.
Кездесу барысында Нұралхан Көшеров құрылыстың сапалы әрі уақтылы аяқталуы қажеттігін баса айтты және жергілікті атқарушы орган тарапынан барлық қолдаудың көрсетілетінін жеткізді. Ол сондай-ақ энергетикалық жобаның іске асырылуы өңір экономикасына тигізетін әсерді атап өтті: жаңа өндіріс орындарының ашылуы, өнеркәсіптік инфрақұрылымның дамуы және энергия қауіпсіздігінің нығаюы.
Станцияның іске қосылуы Оңтүстік Қазақстанның энергия тәуелсіздігін арттырып қана қоймай, аймақ кәсіпкерлері мен тұрғындары үшін қосымша экономикалық мүмкіндіктер жасайды. Құрылысқа тартылған қызметкерлер, жабдықтарды өндіруші компаниялар мен логистика саласы арқылы облыстың ішкі нарығына жаңа серпін беріледі. Сонымен қатар жобаның іске асуы өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, басқа да стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Энергетикалық нысан заманауи технологиялармен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай құрылып жатыр. Бұл Қазақстандағы энергия секторындағы тиімділікті арттыруға, өндіріс процесін автоматтандыруға және қызмет көрсету сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Жоба сонымен қатар жастарды жаңа кәсіптік бағыттарға тарту, техникалық мамандарды дайындау арқылы кадрлық әлеуетті дамытуға ықпал етеді.
Жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде Сайрам ауданында жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің экономикалық дамуы жеделдейді. Қазіргі таңда құрылыс алаңында мыңдаған маман жұмыс істеп, алдағы айларда құрылыс кезеңі аяқталғаннан кейін тұрақты өндіріс орындары пайда болады. Бұл өз кезегінде тұрғындардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайды жақсартуға және инвестициялық ахуалды күшейтуге бағытталған.
Облыстық деңгейде мұндай стратегиялық жобалардың орындалуы – тек энергетикалық секторды дамыту емес, сонымен бірге өңір экономикасының әртараптандыруына, өндірістік инфрақұрылымның нығаюына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Құрылыс барысын бақылау және жобаға қолдау көрсету арқылы облыс әкімдігі тұрғындар мен инвесторлар үшін сенімді әрі тиімді жұмыс ортасын қалыптастырып отыр.
Аталмыш электр станциясы іске қосылғаннан кейін өңірдің энергетикалық қуаты айтарлықтай артып, өндіріс орындары мен тұрғын үй секторын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаның ұзақ мерзімді перспективасында облыстың өнеркәсіптік әлеуетін кеңейтуге, жаңа өндіріс салаларын тартуға және экономикалық өсімді тұрақты деңгейде ұстап тұруға жол ашылады. Бұл жоба Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, өңірдің тұрақты өсу стратегиясына нақты серпін береді.
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru