Сайрам “Бас-Ветбрашы” мемлекеттен ақша жымқыруды қашан тоқтатады?
Сайрам “Бас-Ветбрашы” мемлекеттен ақша жымқыруды қашан тоқтатады?
12.12.2020 14:24
324
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВТЫҢ, БАС ПРОКУРОР Ғ.Д.НҰРДАУЛЕТОВТЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ Е.З.ТҰРҒЫНБАЕВТЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ  ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ Ө.Е.ШӨКЕЕВТІҢ НАЗАРЫНА!!!

  Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы КЖҚ (кәсіпкерлік жүргізу құқығымен) «Ветеринарлық қызмет» МҚК-ны деген мемлекеттік мекеме бар.  Бұл мекеменің басшысы Б.Халимжанов деген «мықты» бір азамат бар екен.   Мықты болғанда да, «Түйені түгімен, биені бүрімен» жеп,  түк білмегендей жүре беретін «ердің өзі» десек, артық айтпаған болар едік... 

  Редакциямызға, Түркістан облысының  Сайрам ауданының мал-дәрігерлік саласына қатысты арыз түскен болатын.     

  Осы ақпараттың  негізінде «Саясат ақпарат» газеті мен «Дабыл.КЗ» ақпараттық портал тілшілері журналистік зерттеу жүргізіп,  мемлекеттен бөлінген миллиондаған қаржылардың жымқырылғандығына көзін жеткізді... 

  

  1. «Ветеринарлық қызмет»  МҚК басшысы Б. Халимжанов 2018 жылдың көктемгі-күзгі кезеңдерінде жоспарланған энзоотикалық жұмыстардың жүргізіліп қойғанына қарамастан, 2018 жылдың тамыз айында ойдан шығарылған келісім (ауылшаруашылық техникасын жалға алу) жасасу арқылы, өз меншігіндегі «Қазақстан Агро 2050» (формалды директоры - Бабур Тілешов) Өндірістік Кооперативінің есеп шотына 2 969 280 теңге аударған, осылайша мемлекет қаржысын заңсыз, бір рет «ашап ташлаган» қазақшалағанда аса ірі мөлшерде жымқырған. Аз ақша емес, үш миллионға жуық сома.... 

  1. «Ветеринарлық қызмет»  МҚК басшысы Б. Халимжанов дәл осындай тәсілмен 2019 жылы наурыз айында  атқарылмаған энзоотикалық жұмыстарға қажетті техниканы жалға алу үшін  өнім берушінің шотына 3 787 500 теңге көлемінде ақша аударған, нәтижесінде мемлекеттік бюджет қаражаты тағы да ысырап болған. 

  «Ашыққаннаң құныққан жаман» демекші, бұл жолы бастық мырза ауызына бірден үш саусағын емес, төрт саусағын бір-ақ салған... Төрт миллионға жуық   мемлекет ақшасын бастық мырза еш ойланбастан екінші рет «ашап» жиберген.... 

  1. Бастық Б. Халимжанов бұл жолы қулығын асырып    «Ветеринарлық қызмет» МҚК қызметтік автокөліктері мен аталған мекеменің техникаларына қосалқы бөлшектер жеткізіп отыруға жауапты қызметкерінің жолдасы  М. Мақажановтың атына тіркелген «Ақбота» ЖК-мен келісім-шарт жасасып, қызметтер мен тауарлар тапсырылмаған болса да, соңғысының есеп шотына 2 617 800  теңге қаражатты көз жұмып аудара салады.    

  1. Сондай-ақ, 2019 жылы Сайрам ауданының ауылдық округтерінде орналасқан  «Сібір жарасы» ошақтарында дезинфекциялық қызметпен айналысуға ​​құқық беретін рұқсаты мен лицензиясының жоқтығына қарамастан, «Тоғжан» Жеке Кәсіпкер  Сабденова Ақнұр мен «Ветеринарлық қызмет» МҚК директоры Б.Халимжанов арасында 1 262 500 теңге сомасында келісім жасалғанымен тұра,    келісім-шартта көрсетілген жұмыстарды орындамаса да, қаражат 100 пайыз көлемде аударып жіберген. Не деген мәрт десенізші....  

  Аударылған миллиондарды банк арқылы қолма-қол ақшаға  айналдырылғаннан кейін олар «Ветеринарлық қызмет» МҚК көмекші қызметкері А.Ташкараевтың көмегімен жұмсаған. 

   «Ветеринарлық қызмет» МҚК бастығы Б. Халимжановтың, бас есепші С.Қаратаеваның, жоғарыда аталған кәсіпорын қызметкерлері Ұ.Тұрғынбаев, М.Махажанов, А.Ташқараевтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 10 637 080 теңге көлемінде залал келтірілді. 

 

ҚҰРМЕТТІ МИНИСТР МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ЕСТАЙҰЛЫ!!! 

  Бір ғана Сайрам ауданында 10 жарым миллион теңгені   кіші-гірім мекеме басшысы жымқырып жатса, онда басқа мемлекеттік орындарында одан да «СОРАҚЫСЫ» болмай жатқандығына кім кепіл береді? 

  «Ветеринарлық қызмет» МҚК бастығы Б. Халимжановтың, бас есепші С.Қаратаеваның, жоғарыда аталған кәсіпорын қызметкерлері Ұ.Тұрғынбаев, М.Махажанов, А.Ташқараевтар болып алдын-ала сыбайласып жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 10 637 080 теңге көлемінде залал келтірілді. Оның орның енді кім толтырмақ? 

Құрметті министр, құрметті облыс әкімі!!! 

Жоғарыда аталған  «ОПГ» мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғатып, мемлекеттің ысырап болған ақшасын 10 есе қайтаруға септік тигіздіреді деген ойдамыз... 

«Саясат ақпарат» газетінің бас редакторы    

0 пікір