САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
15.05.2024 13:09
14
0

       Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеп, тіпті «Қайғысыз қара суға да семіреді», «Судың да сұрауы бар» деген мақал-мәтелдерді өмірге әкелген. Тіршілік тізбегіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың да қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Себебі отыз күн Оразада күні бойы нәр татпай жүретін адамдар ауызашар сәтінде алпыс екі тамырына ағылған судың сылдыры естіліп, дәмі сезілетінін айтады. Қара судың қадірі қалалықтар үшін де маңызды. Әсіресе қабат үйде тұратындар тіршілік көзінің тоқтамауын тілейді. Дегенмен астаналық деген аты болмаса, ауылдағыдай күн кешіп, ауыз суды тасып ішіп отырғандар елордада да аз емес.  Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі. Қарапайым халықтың су зар болып отырған билік тарапы да бұл мәселеге алаңдаулы. Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешуге барынша атсалып жатыр. Соған бір мысал Шымкент қаласыныңәкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен бірге «Сайрам» тұрғын алабында құрылысы аяқталған ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты. Бұған дейін елдімекеннің 19 мыңға жуық тұрғыны жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын. Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы қызмет көрсетуді жеделдету мақсатында нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.

      Айта кетейік, бұған дейін абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынып келген. Ал, бүгіннен бастап тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған  Жолдауында су тап­шылығына да тоқ­талғаны белгілі. Президенттің бұл мәселеге екпін беруі бекер емес. Қазіргі таңда тұщы су бүкіл әлемді алаң­дататын түйткілге айналып отыр. Бір қарағанда су ағыл-тегіл тегін жатқан дүниедей көрінетіні рас. Сондықтан шығар, сана­мыз­да арзан затты «судай тегін» екен деп сипаттап жатамыз. Бірақ кейінгі уақытта бұл түсі­ніктен арылатын кез келді. Өйткені келешекте ауқымы кең жанжалдар су жетіспегеннен басталуы мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұны жете түсінетіні анық.

0 пікір