САЛЫҚ ТӨЛЕУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ
САЛЫҚ ТӨЛЕУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ
28.05.2024 02:11
18
0

Салық жүйесі – мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі һәм негізгі кіріс көзі. Сол арқылы мемлекет өзінің көптеген қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелерін шешіп, азаматтарына жағдай жасап, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтарынан салық алмайтын мемлекет жоқ. Оның ішінде әр аймақ, әр аудан салық базасын ұлғайту шараларын үздіксіз ұйымдастыруға күш салатыны анық.

Салық –  мемлекет да­муы­ның маңызды бөлігі. Са­лық түсімдерінің есебінен еліміздің қазынасы толығып отырады. Елімізде 40-тан астам салық түрі бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасынан кейін былтыр салық міндеттемелері мен төлемдер біраз жеңілдеді. Президент “Әділетті Қазақстан­ның экономикалық бағдары” Жолда­уында кәсіпкерлік субъектілерінің назарын мемлекеттік кірістер ор­гандарының салық төлеушілермен өзара іс-қимылының қолданыстағы моделін өзгертуге мүмкіндік беретін және мәжбүрлеп салықтық әкім­шілендіруден оның профилактика­лық сипаттағы қызмет етуіне көшуге ықпал ететін адалдық пен заңға мойынсұнушылық қағидаттарына ау­дарды. Конституцияның 35 бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әр азаматтың бұлжымас борышы бо­лып табылады. Мұның өзі мемле­кеттік бюджетті толықтыруға және қалыптастыруға зор ықпал етеді.Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің табыс көзі. Сол себепті кірген кіріс, шыққан шығыс – бәрі жіті қадағаланып отырады. Әрі ортақ қазынаның ортаймауына әрбір азамат жауапкершілікпен қарап, мемлекет алдындағы міндетке бейқамдық танытуына әсте болмайды. Бұл ретте, Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ошанов РУПЕР арқылы адам көп шоғырланатын жерлерде жүріп өтіп, 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізілуіне байланысты «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары ( қатысушылары) және (немесе) дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндеттелген. Егер Сіз жоғарыда айтылған тұлғалар дың санатында болсаңыз, алайда жеке кәсіпкерлік қызметімен жұмыс жасамасаңыз немесе қызметін уақытша тоқтатқан болсаңыз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беріп, жабуға кеңес береміз. (Салық төлеушінің кабинеті, ,E-salyq Business). Санымен қатар, әрекетсіз салық төлеушілердің қатарында тұрғаныңызды тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өтіп тексере аласыз. Сонымен қатар, БКМ (бақылау касса машинасы) мен 01.04.2024 жылы көлік салығының мерзімі өтіп кеткеніне байланысты салықтарын уақытылы төлуге шақырады, уақытылы төлемеген жағдайда сот орындаушыларға өтіп кететінін ескертеді.

Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің табыс көзі. Сол себепті кірген кіріс, шыққан шығыс – бәрі жіті қадағаланып отырады. Әрі ортақ қазынаның ортаймауына әрбір азамат жауапкершілікпен қарап, мемлекет алдындағы міндетке бейқамдық танытуына әсте болмайды. Бұл ретте, Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы А.Ошанов РУПЕР арқылы адам көп шоғырланатын жерлерде жүріп өтіп, 01.01.2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі енгізілуіне байланысты «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары ( қатысушылары) және (немесе) дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндеттелген. Егер Сіз жоғарыда айтылған тұлғалар дың санатында болсаңыз, алайда жеке кәсіпкерлік қызметімен жұмыс жасамасаңыз немесе қызметін уақытша тоқтатқан болсаңыз заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына қызметін тоқтату туралы салық өтінішін беріп, жабуға кеңес береміз. (Салық төлеушінің кабинеті, ,E-salyq Business). Санымен қатар, әрекетсіз салық төлеушілердің қатарында тұрғаныңызды тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өтіп тексере аласыз. Сонымен қатар, БКМ (бақылау касса машинасы) мен 01.04.2024 жылы көлік салығының мерзімі өтіп кеткеніне байланысты салықтарын уақытылы төлуге шақырады, уақытылы төлемеген жағдайда сот орындаушыларға өтіп кететінін ескертеді.

         Салық – мемлекет жеке және заңды тұлғалардан салатын және мемлекеттік бюджетке аударылатын міндетті ақшалай салым. Салықтар өміріміздің барлық саласында  – шаруашылықта, ел аумағын қорғау, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау, сондай-ақ білім беруді, медицинаны, мәдениет пен басқа да салаларда  мемлекет алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін пайдаланылады.

         Салық – айналып келгенде өзімізге қайтатын капитал. Көшелердің жарық-тандырылуы, құрылыстардың қарқын алуы, өркениеттің дамуы да біз бен сіздің салып отырған салықтан жүзеге асырылады. Салықтан жалтару – азаматтығымызға жат. Қоғамның ортақ мүддесін сезіне отырып, салықты уақытында төлеу әрбір тұрғынның парасатты пайымы.

 

0 пікір