САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА
САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ БАСТЫ НАЗАРДА
27.04.2022 14:25
243
0
Шымкентте интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде іске асырылуда. Оның ішінде мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары да бар.
Өткен жылы шаһарда қала әкімінің тапсырмасына орай қаладан шалғай орналасқан 14 шағын аудан мен елдімекенге базалық станция орнатылған болатын. Нәтижесінде 136 000- ға жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылды. Ал одан бөлек, жеке инвесторлар қаражаты есебінен 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізілді. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын таппақ.
Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 11 елді мекеннің координатасы келісіліп, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасымен жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, анықталған жерге egov.kz порталы арқылы өтінім жолданып, рәсімделіп жатыр.
Сонымен қоса, 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жоспарға енгізілген болатын. Осыған орай жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар алынып, Самал-3 елді мекені жеке инвестор қаражаты есебінен толықтай талшықты оптика желісімен қамтылды. Қазіргі таңда, инвесторлар тарапынан Забадам, Қазығұрт, Құрсай және Солтүстік-Батыс елді мекендерін оптика желісімен қамту жұмыстары атқарылуда.
Ауқымды жұмыстардың арасында қала аумағынан шалғай орналасқан елдімекендердегі мектептерді жоғарғы жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары да жоспардан тыс қалмады. Бүгінде инвестор тарапынан Асар-2 елді мекені маңынан жер телімін алу үшін портал арқылы өтінім берілді. Жоспарланған жұмыстардың нәтижесінде, мектеп, бала-бақша сияқты әлеуметтік нысандардағы туындаған интернет мәселесін шешетін болады.
Жалпы айтқанда, Цифрландыру басқармасының мәлімдеуінше шаһардың ағымдағы жылы қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыс арнасымен қамту үлесін 95% жеткізу, ал шалғай орналасқан елді мекендерді қамту үлесін 75% жеткізу және қаладағы 100% қоғамдық орындарды wi-fi желісімен қамту, бейнебақылау камералардың санын ұлғайту сияқты ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.

 

 
0 пікір