«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті. Тазалық шарасына таңғы сағат 09:00-ден бастап ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен Сарыағаш қаласының тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсенді қатысты.
Сенбілік барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар мен саябақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, шөп шабу, ағаштарды ретке келтіру, сырлау және көгалдандыру жұмыстары атқарылды. Арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды.
Мұндай экологиялық шаралар ауданның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да оң әсерін тигізуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru