Сенатор жемқорлық үшін жазаны қатайту жөніндегі жаңа ережелерді түсіндірді
Сенатор жемқорлық үшін жазаны қатайту жөніндегі жаңа ережелерді түсіндірді
13.01.2021 12:58
228
0

  Сенат депутаты Андрей Лукин Нұр-Сұлтан қаласының құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, әкімдік және мәслихат өкілдерімен онлайн кездесулер өткізді.

  Кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, мекемедегі білім беруді жаңғырту және азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері талқыланды.

  Депутатқа сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жағдайларды жою, халықпен жұмыс істеу түрлеріне, сондай-ақ қазіргі жағдайда заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар айтылды.

  Сонымен қатар Парламент қабылдаған заңдардың кейбір ережелері түсіндірілді. Мысалы, қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларды жазалауды қатаңдату жөніндегі ережелер көзделіп отыр.

  Сенатор сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігін болдырмайтын түзетулер туралы айтты. 

Дереккөз: ҚР Парламент сенатының ресми сайты

0 пікір