Сенаторлар Экологиялық кодексті қарайтын болды
Сенаторлар Экологиялық кодексті қарайтын болды
22.12.2020 18:12
295
0

  Сенат Бюросы Палатаның 2020 жылғы 21 желтоқсанда өтетін отырысына арналған күн тәртібін бекітті. Онда экологиялық мәселелер бойынша бірқатар заң жобалары, оның ішінде Экологиялық кодекстің жобасы қаралатын болды.

  Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бірінші оқылымда талқыланады.

  Заң жобалары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтеді. Сенаторлар сондай-ақ Мәжіліс мақұлдаған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

  Еліміздің экономикасы пандемия кезінде айтарлықтай зардап шекті және қазіргі жағдай бірқатар салалардың жедел қалыпқа келуін  талап етіп отыр. Сенаторлар осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.

  Отырыста сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын да талқылайды.

  Сенаторлар сонымен бірге Мәжілістен түскен заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Дереккөз: ҚР Парламент Сенатының ресми сайты


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР: 

1. Тұлғатану төңірегіндегі түйткілдер
2. Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың схемасы бекітілді
3. Сенат бюджетті тиімді пайдалану тәсілдерін талқылады
4. 100 мыңға жуық ШОБ тексеруі жүргізілмейді – ҚР ҰЭМ
5. Қ.Тоқаевқа 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар баяндалды

 

0 пікір