ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР
ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР
12.07.2024 14:34
41
0

         Көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттің экономикалық әлеуетіне әсер ететін негізгі құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Тиімді көлік инфрақұрылымы өндірістік процестерді жеделдетіп қана қоймай, аймақішілік ынтымақтастықты нығайтады, сонымен қатар халықтың қолайлы өмір сүру ортасы үшін аймақтық және қалалық инфрақұрылымның жүйелі дамуына ықпал етеді.
         Кейде дана қазақтың «Бір жол бар алыс, алыс болса да жақын, бір жол бар жақын, жақын болса да алыс» деген сөзі көзге көрінген жерге ет пісірім уақытта жеткенде еріксіз ойға оралады екен.Шымкент қаласында жол құрылысына ерекше көңіл бөлінуде. Қаланың даму жоспарына сәйкес, шаһар тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жөндеуге басымдық берілген. Қазір шалғай елдімекендердегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алып отыр. Топырақ жол, шаң басқан көше. Бұған дейін шаһарға шалғай орналасқан елдімекен көшелерінің көрінісі осылай болатын. Енді қала билігі шеткі шағынаудандарға назар салып, жолдарды жөндеп жатыр. Мәселен биыл Шымкент қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орталықтан шалғай орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жөндеуге басымдық берілді. Осыған орай, шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылымдық жағдайы жақсарып келеді. Қазір шалғай елді мекендердегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды.
         Қазір Игілік тұрғын алабындағы Зейнет көшесіне тұрғындар өтініші бойынша асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша бұл көшеге 1 шақырымға жуық асфальт төселеді.
Бірнеше жылдан бері жол салуды сұрап жүрген жергілікті тұрғындар ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

 

0 пікір